Өзбекстан құрамасы 15-21 маусым күндері Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежесінде толық құрамда бақ сынайды.
Ерлер:
50 кг дейін — Асилбек Жалилов
55 кг дейін — Самандар Олимов
60 кг дейін — Абдумалик Халоков
65 кг дейін — Миркомил Саитохунов
70 кг дейін — Шавкатжон Болтаев
75 кг дейін — Жавохир Абдурахимов
80 кг дейін — Жавохир Умматалиев
85 кг дейін — Акмалжон Исроилов
90 кг дейін — Турабек Хабибуллаев
90 кг жоғары — Арман Маханов
Бас бапкер — Тулкин Киличев.
Айта кетейік, World Boxing аясындағы Әлем кубогының шешуші кезеңі қараша айында Ташкент қаласында өтеді.
