Ресейлік көркем гимнастикадан спорт шебері, Ресей чемпионы және Краснодар губернаторы кубогының күміс жүлдегері Елизавета Сороковая 2025 жылдан бері Канадада хабарсыз кеткен, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшы Торонто қаласына қоныс аударғаннан кейін байланыс үзілген. Жақындары оның телефонға да, әлеуметтік желілерге де кірмейтінін, сол уақыттан бері ешқандай хабар алмағанын айтады.
Бұрынғы бапкері де Сорокованың соңғы жылдары Канадада тұрып, жаттықтырушылықпен айналысқанын, алайда біраз уақыттан бері байланыс үзіліп қалғанын айтқан.
Айта кетейік, Елизавета Сорокова спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлікке ауысып, 2017 жылы тұрмысқа шығып, күйеуімен бірге Канадаға көшкен. Кейін олардың некесі бұзылған.
