Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Бек Нұрмағанбетті кезекті жеңісімен құттықтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Альварес Алматыда өткен бокс кешінде отандасымыздың ресейлік Артыш Лопсанға қарсы жекпе-жегінен кейін Бек Нұрмағанбетке видеобайланыс арқылы қоңырау шалған. Желіде олардың әңгімесі түсірілген видео тарады.
Бек Нұрмағанбет Артыш Лопсанды бесінші раундта нокаутпен жеңді. 28 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және әлі жеңіліп көрген жоқ.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет Сауль Альварестің спарринг-серіктесі әрі оның командасының мүшесі саналады.
