Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған ұлттық құрама финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, Қазақстан тарихында семсерлесуден тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Бұл — Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесі. Осыған дейінгі үздік нәтиже өткен жылы жеңіп алған қола медаль болатын.
Жарыс барысында отандастарымыз Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңіп, чемпиондыққа қол жеткізді.
