Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездеседі, деп жазады Sportbugin.kz.
Екі елдің көкпаршылары арасындағы ойын6 қыркүйек күні Шолпан-Атада өтеді.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда ұйымдастырылады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар бәсекесінде Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстанды жеңіп, алтын медаль иеленген болатын.
