
Тайланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 60 келі салмақта белдескен Шерзод Давлатов қола медаль жеңіп алды.
Ол кіші финалда өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.
Айта кетелік, бұл Давлотовтың ересектер арасындағы алғашқы ірі жетістіктерінің бірі.
Сондай-ақ, 48 келіде Ғалия Тынбаева қола жүлдегер атанды.