
Бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов еліміздегі ең мықты қарсыласы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Қазақстанда бәсекелестік өте күшті. 2020 жылы Махмұд Сабырханмен бір салмақта болдым.
Сол кезде ел чемпионатының финалында кездесіп, ұтылып қалдым. Еліміздегі ең мықты қарсыластарымның бірін Махмұд деп айта аламын», — деді Бибосынов.
Айта кетелік, бүгінде Бибосынов кәсіби бокста бақ сынап, алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап үлгерді.