
16-17 тамыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте Silk Road to Tokyo халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Аталған жарыс Bronze level мәртебесіне ие және спортшылардың әлем чемпионатына рейтингілік ұпай жинауына мүмкіндік береді. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын 16 спортшы қорғайды.
Silk Road to Tokyo турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы:
Виталий Земс (100, 200 м.), Аделина Земс, Анастасия Цвиркунова (400 метр кедергілер арқылы), Александра Залюбовская (200, 400 м.), Виктория Ан (200 м.), Ирина Конищева (жетісайыс), Надежда Дубовицкая, Анатолий Люцко (биіктікке секіру), Алмат Тулебаев (100 м.), Артур Гафнер (найза лақтыру), Арина Мишеева (200 м.), Кристина Ермола (100 метр кедергілер арқылы), Евгений Киселев, Глеб Гладилов (үш қарғып секіру), Диана Трофименко (400 м), Дмитрий Калашников (110 метрге кедергілермен жүгіру).
«Ташкенттегі турнир біздің спортшылардың рейтингілік ұпай жинауына мүмкіндік береді. Сондықтан, атлеттер барын салады. 24 тамыз күні жеңіл атлетикадан рейтинг арқылы іріктеу жарыстары толық аяқталады. Содан соң, әлем чемпионатына нақты кімдер баратыны белгілі болмақ», — дейді команданың бас бапкері Дмитрий Карпов.
Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық спортшылар Ғұсман Қосанов мемориалында бақ сынаған болатын