Болгарияның София қаласында дәстүрлі «Странджа» турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан ерлер командасы бұл бәсекеден 2 медаль ғана еншіледі, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл сынға Қазақстан ерлер құрамасы жалпы есебі 19 боксшы апарған. Жүлдеге екеуі ғана ілікті. 50 келіде Даниял Сәбит чемпион атанса, 70 келіде Фарух Тоқтасынов күміс жүлдеге ие болды.
«Странджа» турнирінде әдеттегідей Өзбекстан құрамасы атой салды. Олар жалпы есебі 9 медаль жеңіп алған. Оның ішінде, 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар.
Сондай-ақ, Елдос Сайдалин жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасы 3 алтынға иелік етті. София төрінде Элина Базарова, Надежда Рябец және Валерия Аксеновалар топ жарған. Одан бөлек, қыздар құрамасының еншісінде 1 күміс, 3 қола медаль бар.
