67kg GR - Meiirzhan Shermakhanbet (KAZ) df. Diego Chkhikvadze (GEO)
Албанияның Тирана қаласында күрестен рейтингілік турнир аяқталды. Грек-рим күресінен Қазақстан командасы 3 медальға иелік етті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан сапынан 67 келіде Мейіржан Шермаханбет чемпион атанды. Бұл Мейіржанның жаңа маусымдағы алғашқы жеңісі.
55 келідегі Марлан Мұқашев пен 63 келідегі Ернұр Фидахметовтің еншісінде қола медаль бар.
Команданың бас бапкері — Қонысбек Төкенов.
