Күрес түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алматылық балуандар сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен U-20 ел біріншілігінде Еркебұлан Кешубаев жаттықтыратын Алматы құрамасы көш бастады. Атап айтар болсақ, алматылық балуандар Расим Рамиль (57 келі), Сұңқар Сейдахмет (70 келі), Бейбарыс Ерғали (92 келі) және Самир Дурсунов (97 келі) еел чемпионы атанды.
Сонымен қатар, Әлібек Русланұлы (52 келі), Ерхан Әбіл (79 келі), Нұрсұлтан Әбдіхалық (92 келі) күміс жүлде иеленсе, Жеңісбек Нұрәлиев пен Мансұр Қуанған қолаға қол созды. Алматылық еркін күрес шеберлері жалпы есепте 177 ұпай жинаған. Екінші орында — Түркістан облысы, үшінші сатыда — Алматы облысы.

Әйелдер күресінен U-20 ел чемпионатында да алматылық командаға тең келер ешкім болмады. Бұл бәсекеде Медина Қуанышбек (50 келі), Сәния Солтанғали (55 келі), Аида Әлжан (59 келі), Жаңыл Бекен (62 келі) және Ұлдана Тілеухан (68 келі) алтын жүлдегер атанды. Команда еншісінде 5 алтыннан бөлек, 2 күміс медаль бар.
Сондай-ақ, әйелдер күресінен U-17 ел чемпионатында Алматы қаласының құрамасы жалпы есепте бірінші орын иеленді. Ал ерлер арасында үшінші сатыға табан тіреді.
