Боксшы Дулат Бекбауов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Дулат Бекбауов белоруссиялық Евгений Долголевецпен жұдырықтасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дулат Бекбауов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Евгений Долголевец мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
