Армат Арманұлы Алматыда өткен бокс кешінде WBA Asia бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғады, деп жазады Sportbugin.kz.
22 жастағы боксшы ресейлік Харон Запольскиймен жұдырықтасты. Жекпе-жек Арманұлының бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңуімен аяқталды.
Запольский үшінші және бесінші раундтарда екі реттен нокдаунға түсті.
Осылайша, Армат Арманұлы кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ал ресейлік боксшы мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
