Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне бельгиялық маман Карел Герартс тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
44 жастағы маман Еуропа футболында мол тәжірибе жинаған. Ол бапкерлік мансабындағы ең үлкен жетістіктерінің біріне бельгиялық «Юнион Сент-Жиллуаз» клубын басқарған кезде қол жеткізді. Герартс бұл команданың тізгінін 2022 жылдың жазында ұстады.
Оның жетекшілігімен «Юнион Сент-Жиллуаз» Бельгия чемпионатында жүлделі орындар үшін күресіп, Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті. Алайда аталған кезеңде команда Германияның «Байер» клубына жол берді.
2023 жылдың қазан айында бельгиялық маман Германияның «Шальке» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Ол кезде команда Бундеслигадан түсіп қалып, қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан еді. Герартс клубтың нәтижелерін тұрақтандырып, Германияның екінші дивизионындағы орнын сақтап қалуына ықпал етті. Алайда 2024 жылдың қыркүйегінде маман клубтан кетті.
Бұдан бөлек, Карел Герартс Францияның «Реймс» клубында да еңбек еткен. Өз бетінше бапкерлік қызметке кіріспес бұрын «Юнион Сент-Жиллуаз» командасының жаттықтырушылар штабында бас бапкердің көмекшісі болған.
«Ордабасы» бельгиялық маманның Еуропадан тыс жерде жұмыс істейтін алғашқы клубы болмақ.
Айта кетейік, «Ордабасы» өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанған еді.
