Халықаралық дзюдо федерациясы Тбилисидегі Grand Slam турнирінен соң олимпиадалық рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аталған сында 60 келіде күрескен Нұрқанат Серікбаев жеңімпаз атанған болатын. Әлемдік жарыстағы алтын медалі үшін Нұрқанат 1000 ұпай иеленді.
Осылайша, 12-орынға көтерілді. Бүгінде Нұрқанат Серікбаев 60 келі салмақтағы ТОП-10 қатарына жақындап келеді. Ал бұл салмақта талай жыл бойы әлем үздігі атанған Елдос Сметов рейтингте 25-орынға сырғыды.
Жарақатына байланысты біраз уақыт қатардан шығып қалған Мағжан Шамшадин 23-сатыға төмендеді.
60 келі салмақтағы олимпиадалық рейтингтің көшін жапондық Рюджю Нагаяма бастап тұр. Сондай-ақ, үздік үштікке Франциско Гарригос пен Янг Вей де енген.