Ризабек Айтмұхан америкалық атақты қарсыласы Кайл Снайдермен болған кезекті белдесуінде жеңіліп қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ризабек бастапқыда 6:0 есебімен алға шыққанымен, жекпе-жек барысында тәжірибелі Снайдер айқын басымдық танытып, кездесуді 12:6 есебімен өз пайдасына шешті. Осылайша, ол жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.
Айта кетейік, Кайл Снайдер — Олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы.
