Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен Канадаға қарсы кездесулерге неге қатыспағанын түсіндірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Теннисші шешімін денсаулығы мен ауыр жарыс кестесінен кейінгі шаршаумен байланыстырды. Оның айтуынша, грунт маусымына тыңғылықты дайындалу үшін үзіліс қажет болған.
«Денемді қалпына келтіріп, демалуым керек болды. Кейбір ауырсынулар да пайда болды», — деді Рыбакина.
Спортшы бұл шешім федерация және бапкерлік штабпен келісілгенін, ешқандай келіспеушілік жоқ екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін де Елена Рыбакина Париж Олимпиадасы кезінде денсаулығына байланысты Қазақстан намысын қорғай алмаған болатын.
